Сарапшылар пікірі: Елбасы әділ жеңіске жетті
Күллі Қазақстан халқы белсене атсалысқан Президенттік сайлау да мәресіне жетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Ел тұрғындарының 97,75 пайызы қазіргі Президентке дауыс берді. Сөзсіз, бұл таза жеңіс. Дегенмен, бұл жеңіске біздің баға бергеніміз, ой айтқанымыз жөн болмас.
Бұл тарапта «Свобода Слова» газеті елімізге белгілі саясаттанушылардың осынау сайлауға, оның нәтижелеріне қатысты ой-пікірін топтастырып беріп отыр. Жалған мақтау, асыра сілтеу аз, тек нақты баға беру бар.
Біз тек өз ішіміздегі сарапшылармен ғана шектеліп қалмадық. «Сырт көз – сыншы» дейді. Осынау сайлауға қатысты сауалнамадан бауырлас Әзірбайжан халқының сарапшылары да сырт қалған жоқ. Біз ұйымдастырған дөңгелек үстелге саясаттанушы Талғат Әбдіжаппаров, Қазақстан блоггерлер қауымдастығының президенті Ғалым Байтұқ, саясаттанушы, ақпараттық технологиялар орталығының директоры Артұр Нығметов және әзірбайжандық саясаттанушы Заур Лятифоғлы қатысты. Сонымен… сайлау науқаны аяқталды. Оның қорытындысына қатысты не айтар едіңіздер?
Сайлау – саяси партияларға жан бітірді
Артұр НЫҒМЕТОВ, саясаттанушы, ақпараттық технологиялар орталығының директоры:
– Елбасының жеңісі даусыз әрі абсолютты болды. Иә, ешкімде кездейсоқ нәтижелерді күтпегені анық. Өз басым: «Осы жолғы сайлаушылардың науқанға атсалысуы, яғни, қатысу қалай болар екен?» деп алаңдаған болатынмын. Жасырары жоқ, белгілі бір сайлау науқанына халықтың аз келуі, белсенділігі төмен болуы бұл – әлемдік тренд. Бірақ, бекер күдіктенген екенмін. Сайлау қорытындысы менің ойымнан да асып түсті. Қазақстандықтардың 95 пайызы қатысты бұл сайлауға. Дегенмен, бұған да таңдануға болмас.
Бұл немен байланысты десеңіз, халықтың Елбасыға деген сенімі өте жоғары. Және ең қызығы бұл сыртқы факторлармен, әлемдік тұрақсыздықпен байланысты болып отыр.
Жаһандық дағдарыс, Украина, Батыс пен Ресейдің арасындағы қырғи-қабақ. Мұндай жағдайда қоғамға ең біріншіден тұрақтылық қажет. Халыққа бүгінгі тұрақтылықты ұстап тұра алатын Көшбасшы қажет.
Менің ойымша, сайлау Қазақстан халқының біртұтасуына және де болашаққа сеніммен қарауына жол ашты. Елбасының саяси қарсыластары көңіліне алмасын, бірақ бүгінгі күні бірден-бір көшбасшы ол – Назарбаев. Мұны оған дауыс берген халықтың көрсеткішіне қарап-ақ көз жеткізуге болады. 97 пайыздан жоғары!
Халықтың мұншалықты деңгейдегі абсолютті сенім танытуының себебі неде, білесіз бе? Бұл бірінші кезекте тұрақтылық, ұлтаралық татулық, тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат, адамдардың тұрмыстық жағдайының жақсаруы, Қазақстанның әлемге танылуы.
Мұндайда кейбіреулер: «Елбасының жеңіске жетері анық болса, сайлау өткізудің не қажеті бар еді?» деп айтуы мүмкін. Мен айтамын: «Сайлау қоғамды тәрбиелейтін құрал, бұл демократиялық мәдениеттің көрінісі. Бұл ұзақмерзімді процесс. Сайып келгенде Ата заңымызға сай сайлау өтуге тиісті және біз бұл тәртіпті сақтауға тиіспіз. Оның үстіне бұл науқан сайлауға қатысқан көптеген саяси партиялардың тамырына қан жүгіртті, былайша айтқанда жақсы жаттығу болды».
Назарбаев – түркі әлеміне қажет тұлға
Заур ЛЯТИФОҒЛЫ, Әзірбайжан саясаттанушысы:
– Иә, «сырт көз – сыншы» дейді. Бірақ, шынымды айтсам Қазақстанды сынайтын тұстар аз. Керісінше, үлгі алатын, мақтайтын тұстары жетіп артылады. Дәл қазір бұлардың бәрін тізбелеп айтудың қажеті жоқ шығар. Сіздердің ең басты жетістіктеріңіз және табыстарыңыз ол – татулық, тұрақтылық. Содан да шығар ТМД ғана емес, тұтас Еуразия кеңістігінде көптеген елдер Қазақстанға қызыға, кей кездері қызғана қарайды. Олар «Қазақстан бұл жетістікке қалай қол жеткізді?» деп бас қатырады. Мен мұны көптеген елдерді аралаған адам ретінде айтып отырмын.
Өз басым Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жетері күмәнданған жоқпын. Меніңше, жалпы әзірбайжан саясаттанушыларының пікірінше, қазіргі күні Назарбаев тек қазақстандықтарға ғана емес, сонымен бірге тұтас түркі әлеміне керек.
Негізі, Түркия Президенті Тайып Ердоған Астанаға бекер келген жоқ. Оның Назарбаевты «түрік әлемінің ақсақалы» деп атауы да тегін емес.
Тағы бір тілге тиек етер тұс, Назарбаевтың жеңіске жетуі оның өзін бүгінгіден де биік шыңдарды бағындыруға ұмтылдырады. Жеке пікірім болашақта Қазақстанды Орта Азиядағы ең ірі аймақтық державаға айналады деп санаймын.
Өз басым Назарбаевтың прагматик саясаткер деп есептеймін. Ол барлығымен де, Батыспен де, Шығыспен де тең байланыс ұстай алады. Біз оның осы қабілетіне таң қаламыз.
Дегенмен алдағы жылдар Қазақстан халқына ғана емес, сонымен бірге Елбасы үшін де аса жауапты кезең. Алдағы 5-6 жылда ол Қазақстанды әлемдік деңгейге көтеріп, түрік әлемінің тұтасуына мейлінше атсалысады деген ойдамын.
Халыққа ең алдымен тұрақтылық қажет
Талғат ӘБДІЖАППАРОВ, саясаттанушы:
– Менің Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіске жетеріне күмәндәнған жоқпын. Артұр мырза, айтып өткендей осы жолғы сайлаушылардың келісі қалай болар екен деген сауал мені де алаңдатты.
Бір байқағаным, жыл өткен сайын қазақстандықтардың саяси сауаты, қоғамдық белсенділігі артып келеді. Бұған бір жағынан әлеуметтік желілердің, ғаламтордың дамығаны да себеп болған шығар… Бірақ, мәселе мұнда емес.
Шыны керек, әлеуметтік желілерде де әртүрлі пікір айтылады. Оның барлығын бақылау мүмкін емес. Мысалға, осы жолғы сайлауға қатысты түрлі пікірлер айтылды. Иә, сын да, сынау да болды. Бірақ, әлеуметтік желідегі ой ашық, көзі қарақты азаматтардың негізгі пікірі: «Бізге қазіргідей жағдайда тұрақтылық пен татулық қажет. Ал мұны бізге тек Нұрсұлтан Назарбаев қана қамтамасыз ете алады» деген пікір айтты. Байқайсыз ба, бұл тегін емес.
Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі Қазақстанды мекен ететін барлық ұлт өкілдері ерекше құрметтейді. Себебі, ол халықты әрбір мемлекеттің тұрақты дамуына жағдай жасайтын негізгі фактормен қамтамасыз етті.
Ал оның аты – бірлік, татулық. Мемлекеттік деңгейден бөлек, отбасылық дәрежеде алайықшы. Күнбе-күн ыдыс-аяғы шылдырлап, ұрыса беретін отбасыда береке бола ма? Жоқ! Ал, ырыс-ынтымағы бұзылмаған, былайша айтқанда айрандай ұйып отырған отбасының берекесі артып, байлығы таси түседі. Яғни, қашан да, қай кезде болмасын татулық, тұрақтылық берекеге жетудің, дамудың басты факторы.
Өз басым бүгінгі күні елімізде Елбасымен деңгейлесе алатын, ол сияқты жаһандық деңгейде ойлайтын, алыстағыны көре білетін, жақындағыны шола білетін саяси қарсыластар аз деп ойлаймын. Бар болған күннің өзінде олар статистер ғана. Ал біз ел басқаруды мұндай адамдардың қолына табыстай салсақ, ертеңгі күні не болады?! Міне, мәселе осында.
Ол істің адамы
Ғалым БАЙТҰҚ, Қазақстан блогерлер қауымдастығының президенті:
– Біз блогерлерміз. Қазіргі күні біздің сөзіміз де үлкен күшке ие. «Сайлау болады» дегелі бергі уақытта біз осы жолғы науқанның қалай боларын, қалай өтерін жіті зерттедік. Көптеген іс-шараларға бастамашы болдық.
Алдымен айтарым, сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бердім және оның өз қарсыластарын басып озып, жеңіп шығарына күмәнданған жоқпын.
Қарапайым сайлаушы ретінде айтайын, мен тек Елбасыға ғана сенемін. Себебі, ол басқа саяси тұлғалар сияқты ешқашан өтірік уәдені үйіп-төкпейді. Мысалға, биылғы жылдың 11 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев қазіргі күнгі жағдайды ескере отырып Қазақстан экономикасын белгілі бір дәрежеде ауыр кезеңдер күтіп тұрғанын жасырмай айтты. Бұл да батырлық. Билік пен халықтың арасында көпір орнатар болса, дәл осындай адал әрі шынайы әдіспен орнату керек.
Түсінгенім сөздің және істің саясаткерлері болады. Сөзбен тау соғатындар көп, алайда іске келгенде мандытпайды. Ал аз сөйлеп, көп істейтіндер әрдайым халықтық қолдауға ие. Дәлел керек пе? Тәуелсіздік алғалы бергі 23-24 жылдың ішінде біз көп қиындықты бастан өткердік. Әсіресе, 90-шы жылдары. Сол жылдары Назарбаев халықты жігерлендіріп отырды. Ол Қазақстаннан «бір күнде жұмақ жасаймын» деген жоқ. Қайталап айтайын, ол уәдені орнымен беретін адам.
Өз басым сайлау қорытындысын заңды деп ойлаймын. Халықтың 90 пайыздан астамы Назарбаевқа дауыс берсе, бұл елдің Елбасыға деген сенімінің көрінісі. Ендігі жерде сайлаудан кейін не болады, қандай саяси-әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асырамыз деген мәселелерді асықпай-саспай қолға алуға бар мүмкіндік бар.
Дайындаған Есет КОШЕБЕ
Метки: Елбасы, Есет Кошебе, политика, сайлау, сарапшылар
Комментариев: 35
Добавить комментарий
- Жанара Байжулдинова: «После встречи с президентом поняла, что иду в правильном направлении»
- Самая красивая казашка из Москвы
- Торегали Тореали: «Эстрада – это цех, где постоянно создается что-то новое»
- Болливуд остался без келин
- Врешь, женушка, не уйдешь!
- 30 самых жестоких маньяков Казахстана
- Не роскошь, а средство передвижения: как правильно в Казахстане выбрать автомобиль?
- Каково это – быть мужчиной-гинекологом и женщиной-урологом в Казахстане?
- Жарқын Түсіпбекұлы: «100 нақты қадам – Ұлт жоспары»
- Пыхтела, сопела, но лезла: корреспондент "Свободы Слова" поработала в цирке
Бұл сайлаудың қорытындысы ешкімге жаңалық болмаған сияқты
Негізі біздің елбасымыз әділді кісі ғой!
Расымен сырт көз – сыншы. Сарапшылардың өздері де сайлаудағы таңдаудың әділ болғанын жарыса айтып жатыр.
Сарапшылар пікіріне қосылам. Елге тыныштық керек. Ал Назарбаев сол тыныштықтың кепілі болып тұр.
Халық осы сайлауда өзінің Елбасыға деген зор сенімін көрсетті.
Сайлаудағы бұл жолғы жеңіс талай жылдар бойы жасалған қажырлы еңбектің жемісі. Бұл менің пікірім.
Барлыгымыз сайлаудын жогары дарежеде откенин жане ашык болганын оз козимизбен коре билдик. Елбасы ушин халыктын кобиси даусын берип, сеним артты.
Талай қилы тығырықтан Елбасы елді аман алып шықты емес пе? Елбасының елге жасап жатқан жұмыстарын ел біледі. Сондықтан олардың таңдауы тек қана бір ғана адамға тиесілі болды.
Өзге елдердің ең мықты деген лидерлері де Елбасының мемлекетіміздің дамуна жасап отырған еңбегі мен елді әлемдік саяси аренаға көтеру мақсатында жасап жатқан жұмыстарын мойындаған болатын. Сондықтан елде әлі талай жұмыстардың атқарылатыны анық.
Қазақстандықтар өздерінің президентін сайлап алды. Енді тек қана алға қарай ұмтылу, алға қарай даму мәселелерін күн тәртібінен тыс қалдырмауымыз керек.
Белсенді халық өз таңдауын айқын басымдықпен көрсеткенін аңғару еш қиын емес.
Менде солай ойлаймым Елбасымыз әділмен тазалық,сенімділікпен осындай жеңіске жетті ол менімше үлкен жетістік.
Сайдауға соншама халық барып дауыс бергені ол біздің саяси мәдениетіміздің жәнеде Елбасымызға деген сеніміздің артқаның көрсетіп отыр.
Біз дұрыс тандау жасадық ол біздің Елбасымыз,әліде үлкен жеңістірдерге жететімізге сенемім.
Елбасының осы сайлауда жеңіске жететініне титтей де күмән болған жоқ. Себебі Елбасының еңбегі зор. Халық та жаппай ауызбірлік танытып, Елбасын қолдады. Әділдігін ең атақты шетелдік БАҚ-тың жариялаған материалдарынан көруге болады.
Сейчас время информационных потоков, сколько людей – столько же мнений, но есть одна истина. Это – вера в будущее, будущее наша вместе с нашим Лидером нации.
Все свои инициативы Президент выдвигает не ради собственного международного признания, а для того, чтобы Казахстан знали и уважали. Даже если ради собственного признания, он остается как Президент Казахстана, а не общественным деятелем.
Наш Президент – дальновидный и мудрый политик, благодаря его дальновидностью наша страна развивается без потрясений и катаклизмов. Мы связываем большие надежды на светлое будущее только с именем нашего Президента.Желание всех казахстанцев – сберечь стабильность, дружбу и взаимопонимание,мир и согласие, передать это бесценное общее богатство последующим поколениям.
Бәрі осы сайлауда өзінің Елбасыға деген зор сенімін көрсетті
Расында, Нұрсултан Назарбаевтың түркі халықтардың жақындастыруына үлесі зор
Сайлаудағы Елбасының жеңісіне ешқандай күман жоқ, себебі біз өз даусымызды жарқын болашақ үшін бердік.
Думаю никто в этом даже не сомневается. Был бы другой лидер – народ бы проглосовал. а итоги этих выборов показали, что народ всецело доверяет только одному человеку.
Бұл сайлау арқылы біз халықтың таза еңбекті бағалайтынына көз жеткіздік. Елбасымен бірге талай жетістіктерге қол жеткіземіз. Бұл ақиқат.
Kutti bolsin win jurekten
Елбасына деген сенімнің жоғары екенін тағы да дәлелдей түсті бұл сайлау.
Сайлау додасында нағыз мықтылар ғана жеңіске жетеді. Ал біздің Елбасы өзін мақты басшы ретінде әлде қашан-ақ, дәлелдеп қойған.
Елбасының сындарлы саясатын қолдаған ел өзінің президентін таңдауда да зор белсенділік танытты. Сол үшін де Назарбаевты қайта сайлап алды.
Сарапшылардың пікіріне қарамай-ақ, елімізде президенттік сайлаудың жоғарғы деңгейде өткенін, халықтың бәрі Елбасына дауыс бергенін білеміз.
Назарбаев сөзсіз таза жеңіске жетті. Ел сенді, дауыс берді. Нәтижесінде Президентіміз ел тізгінін қолға алды.
Елбасыға менде дауыс бергенмін. Менің үмітіп Президентіміз жастарға жыл сайынғы қамқорлығын еселей түсе ме, менде Болашақ бағдарламасы арқылы шетелге оқуға мүмкіндік аламын ба деп таңдау жасадым.
Назарбаев жасасын. Халықтың таңдауы әділ болды.
Мемлекет басшысының жеңісі расымен шынайы, әділ болды. халықтың қызу қолдауына ие болған Елбасыма сәттілік тілеймін.
Албетте адил женди!
Сырт көз – сыншы болғанмен, шындық сөзсіз анық қой. Бұл жерже ешкімді мақтап, мадақтап немесе қаралаудың еш қажеті жоқ, бастысы халық өзінің дұрыс таңдауын жасады!
Достойная победа была нашего Лидера!